Тінту барысында «Магеллан GPS 72 гармин» спутник құралы табылыпты
Атырау облысында балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері заңсыз құрылған 11 ау құралы мен 30 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіледі. Олар кезекті рейд кезінде Исатай ауданына қарасты Солтүстік Каспий теңіз жағалауы, Жанбай елді мекенінің тұсынан су бетінен жағаға қарай бет алып қашып бара жатқандарды анықтап, ұстау амалдарын жүргізген, деп хабарлайды Almaty.tv
Заңсыз қайықты тізгіндеген үш балық аулаушы жағаға жақындаған уақытында таяз жерден қайықтарын тастап қашып кеткен. Тінту барысында «Магеллан GPS 72 гармин» спутник құралы табылыпты. Моторлы кайық, заңсыз құрылған ау мен 8 дана «бекіре» тұқымдас балық тәркіленіп, құқық қоргау органдарына жолданды.
«Балықтың уылдырығын илейтін граход табылды. Және GPS дейміз яғни гармен құралы. Осы гармен джпспен олар заңсыз ау құралдарын салады. Балықтың бәрі тәркіленіп, Дамбы балық инспекциясына әкеліп жатырмыз», – деді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Гайсин.