Экс-министр Салтанат Нүкенова мерт болған күні жағдайдың қалай болғанын баяндады
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі тыңдалымда экс-министр Салтанат Нүкенова мерт болған күні жағдайдың қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, ол тепе-теңдікті сақтай алмай, еденге соғылған. Артынша оған бірнеше рет көмек қолын ұсынған көрінеді, алайда арадағы жанжал одан сайын өрши түсіпті. Ашуға булығып, ұрып-соққанын да айтып қалды арасында. Біраз уақыт жатып оянбаған соң, жедел жәрдем шақырғанын айтты.
– Салтанатқа келсем, беті суып кеткенін байқадым. Оятуға тырысып ем, оянбады. Қорқып кеттім. Бетін ұстап көрдім, дене қызуы өзгергенін байқадым. Бақытжанға кері қайт дедім. Тамырын ұстап, жүрегі соқпай тұрғанын айттым. Ол да соны айтып, жедел жәрдем шақыруға жүгірді, – деді сотталушы Қуандық Бишімбаев.
Тыңдалымда Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қанды қылмыс болған орталықтың сызба нұсқасын ұсынды. Алайда ол сурет қайтыс болған күні таспаланған болып шықты. Жәбірленуші тараптың адвокаты суреттің 2024 жылдың наурызда түсірілгенін айтып, қарсылық білдірді. Судья Бишімбаевтың жақтастарына сотты жаңылыстырғаны үшін ескерту жасады.
Оқи отырыңыз: Қуандық Бишімбаев марқұмның туыстарынан кешірім сұрады