Атырауда астыртын жұмыс істеген казино анықталды

05.10.2020 21:43

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, ойынхана карантинге қарамастан, тұрақты түрде қызмет жасап отырған

ашық дереккөзден

Атырауда қоғамдық тамақтану орындарының бірінен астыртын жұмыс істеген казино анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, ойынхана карантинге қарамастан, тұрақты түрде қызмет жасап отырған. Заңсыз әрекетті әшкерелеу үшін «Бүркіт» арнайы жасағы тартылып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілген. 

Тексеру барысында казиноға арналған төсеніш мата, ойын карталары, фишкалар мен басқа да айғақ заттар табылды. 

Қазір аталған іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.