Тәртіп сақшыларының көлікті қуған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған
Батыс Қазақстан облысында полицейлерден қашпақ болған Лексус көлігінен 25 қап балық табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тәртіп сақшыларының көлікті қуған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Жергілікті полиция департаментінің ресми өкілі хабарлағандай, автомобиль жүргізушісі тәртіп сақшыларының сөзіне құлақ аспай, керісінше жылдамдықты асырып, бой тасаламақ болған.
Әйтсе де жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі Орал-Атырау тас жолында, Үлкен Шаған ауылының маңына жақын жерде ұсталды. Ол тиісті құжатсыз частик тұқымдас балықтардың 25 қабын тасымалдамақ болған. Лексус көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, істің мән-жайы анықталып жатыр.