Үш қызға зорлық көрсеткен Түркістан облысының тұрғынына сот үкімі шықты. 33 жастағы Шәуілдір ауданының тумасы осыдан екі жыл бұрын 10 және 12 жастағы көршілеріне азғындық жасағаны үшін күдікті деп танылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Туған ағасының қызымен ойнауға келген кішкентайларды еріксіз түрде оңаша алып шыққан азамат жәбірленушілерді жаз бойы қинаған. Жасаған қылмысын ешкімге айтпау үшін қорқытып, мың теңге берген. Сұмдықтың беті былтыр ғана ашылып, іс сотқа өтті. Бірақ айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ. Алайда сот медициналық сараптамасы мен абақтыдағы жасырын аудиожазбадағы сөздер бәріне дәлел болған.
– Тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы сотталушыға түпкілікті педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Химиялық кастрациялау түрінде және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділігін емдеу тағайындалды, – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.
Оқи отырыңыз: Қайнар ауылының тұрғындары ауыз суға зәру