34 және 29 жастағы екі жігітті күдікті деп танып, қамауға алды
Елордада екі азамат тұрақтағы көліктерді эвакуаторға салып ұрламақ болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 және 29 жастағы екі жігітті күдікті деп танып, қамауға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар эвакуаторды да жалға алған көрінеді. Көлік жүргізушісіне 10 мың теңге ақшасын беріп, шетелдік көліктерді қолды қылған. Қылмыстық факт бойынша қазір іс қозғалды. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, азаматтар жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.