«Алтын орда» базарында саудагерлерден заңсыз ақша жинаған полицейлер сотталды

17.02.2023 20:31

Тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеті өткен жылдың соңында ғана белгілі болды

elements.envato.com

«Қызметін асыра пайдаланып, саудагерлерге салық салған». «Алтын орда» базарында заңсыз түрде ақша жинаған құзырлы орган өкілдеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айыпталған 3 учаскелік полиция инспекторы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Айта кетейік, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеті өткен жылдың соңында ғана белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы департаменті мәлімдегендей, сотталғандар лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдаланып, саудагерлерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен алшақтатқаны үшін ақша жинап келген. Салдарынан базар аумағында әлеуметтік шиеленіс туған еді.