Шымкентте жалған шот-фактуралар жасап келгендер сотталды

28.09.2020 20:32

Бұл туралы еліміздің қаржы министрлігі хабарлады

Zakon.kz

Шымкентте жалған шот-фактура жасап келгендер сотталды. 4 адамнан тұратын қылмыстық топ, қала аумағында жалған құжат жасау арқылы, қомақты мөлшерде мемлекет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы еліміздің қаржы министрлігі хабарлады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, 615 миллион теңгенің жалған шот-фактурсын беру кезінде 4 адам қолға ұсталды. Бұл соманың 40 миллионын күдіктілер, жасаған қызметі үшін өздеріне алмақшы болған.  Келтірілген шығынның көлемі қомақты болғанымен, Шымкент қаласының Абай аудандық соты айыпталушыларды 3 жыл бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасына кесті