18 бен 28 жас аралығындағы күдіктілердің кейбіреуі қос елдің азаматтығын алғаны анықталған
Венада болған терактқа қатысы бар ресейлік азаматтар ұсталды. Лаңкестік әрекетке байланысты қазір тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Аустрияның ішкі істер министрі Карл Нехаммер мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сөзінше, 14 адам тұтқындалған. 18 бен 28 жас аралығындағы күдіктілердің кейбіреуі қос елдің азаматтығын алғаны анықталған. Арасында Бангладеш, Македония, Түркия және Ресей елдері бар. Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын Венаның әр жерінде оқ атылып, салдарынан бейбіт тұрғындар жапа шеккен болатын.