Маңғыстауда Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі сотталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Үкім заңды күшіне енді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені үшін ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оны өңірдегі прокуратура бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру кезінде анықтаған. Аталған факт облыс прокуратурасымен тергеліп, нәтижесінде іс сотқа жолданды. Сот үкіміне сай, мекеме басшысы мiндетiн тиісінше орындамау бойынша кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енді.

– Сот үкімі шығып, өз міндетін тиісінше орындамағаны үшін мекеме басшысы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды және ол рахымшылық жасау заңына байланысты жазадан босатылды. Ал бас есепші 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Бағдат Карленов.

Оқи отырыңыз: Елімізде биржалық саудада адал жұмыс істемейтіндердің

Новости партнеров