Павлодарлық полицейлер есірткі затын тəркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ге сілтеме жасап.
Павлодар облысында есірткі қылмысына қарсы жаппай күрес жалғасуда. Осы жұмыстар барысында жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, келіп түскен ақпараттар тексерілуде, сондай-ақ, нақты шаралар қабылдануда. Мәселен, Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 44 жастағы павлодарлықтан мұздатқышта сақталған түйіншекке оралған иісі бар өсімдік тектес затты тәркіледі. Сараптама нәтижесі бойынша тəркіленген зат салмағы 840 грамм “гашиш” болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кету керек, облыста ағымдағы жылы есірткінің заңсыз айналымы саласында 55 қылмыс анықталды, оның ішінде 52 факті есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізумен байланысты.