Түркістан облысында балаларды теуіп, аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды

22.02.2024 20:38

Күдіктінің балаларға кім болып келетіні туралы ақпарат жоқ

Сгенерировано ИИ

Балаларды теуіп, аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде болған жайт бүгін әлеуметтік желіде кең тарады. Бейнежазбадан ер адамның бүлдіршіндерге айқайлап, кейіннен күш көрсеткенін байқауға болады. Әзірге күдіктінің балаларға кім болып келетіні туралы ақпарат жоқ. Дегенмен жергілікті полиция департаменті азаматтың ұсталғанын жеткізді.

– Түркістан облысында жасөспірім балаларға қатысты әрекет бойынша Сайрам ауданының Полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталуда. Істің тергелуі Түркістан облысы ПД бастығының жеке бақылауында. Жалған ақпарат таратқандарға заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып, азаматтардан тек ресми дереккөзге сүйенуді сұраймыз, – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Оқи отырыңыз: Адам саудасы: Қарағандыда балалар үйіне өткізілген бала жоғалып кеткен