Ұсталған күдікті кінәсін мойындады
Жамбылдық полицейлер Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркілеген, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 50 жастағы азамат ұсталды. Оның үйіндегі ас бөлмесі мен сарайын тінту барысында жалпы салмағы 7 келі 420 грамм кептірілген марихуана табылыпты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды тасмалдау дерегі бойынша іс қозғалды. Ұсталған күдікті кінәсін мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу басталып кетті.