Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Жамбыл облысында ер адамды бопсалаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар 26 жастағы азаматты қорқытып, апта сайын 300 мың теңге көлемінде ақша алып отырған. Сондай-ақ ақпаратты жарияламау үшін жәбірленушіден бұған дейін 2 млн теңге талап етіпті. Қазір 28 және 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, олар бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.