Алматыда рұқсат етілмеген митингтің соңы қайғылы жағдайға ұласты

13.06.2022 20:45

Сотқа дейінгі тергеу басталды

стоп-кадр

Алматыда рұқсат етілмеген митингтің соңы қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Гагарин даңғылын жапқан наразы топ бұған дейін де бес қабатты үйдің аумағындағы паркингті қайтаруды талап еткен еді. Бұл жолғы наразылық кезінде кикілжің туып, шеруге шыққан азамат көлік жүргізушісін соққыға жықты. Салдарынан автомобиль иесі асфальтқа құлап, қайтыс болды.

«Күдіктінің іс-әрекеті 106-бабының үшінші бөлігімен сараланды. Ол полиция депортаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, сонымен қатар рұқсат етілмеген акцияны ұйымдастырушылардың тағы төртеуі әкімшлік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.