Полициядан қашқан тұрғынға 10 әкімшілік хаттама толтырылды

Полициядан қашқан тұрғынға 10 әкімшілік хаттама толтырылды
Жылдамдық қатты асырып, авариялық жағдай туғызған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол ережесін  бұзған 25 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты бақандай 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Nissan Primera көлігінің тізгіншісі Солтүстік айналмалы жолы мен Первомайская мұнай базасы көшелерінің қиылысында жол тәртібін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан. Ол аздай, жылдамдық қатты асырып, авариялық жағдай туғызған. Бірер минуттан соң полиция полкінің қызметкерлері тәртіп бұзушыны қолға түсірді.

«Nissan Primera көлігін бағыттап келе жатып, солтүстік айналым көшесінде қарама-қарсы бағытта жүргізіп, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеттім. Артымнан полиция автокөлігіне тоқтамаған себебім - кішкене шошынып қалдым. Осы іс-әрекеттерім үшін кешірім сұраймын», – деді айыпты Мұса Мақсұтхан.

Айта кетейік, көлікте айыптының жары мен алты жасар баласы болған. Бүгінде тәртіп бұзған азамат өзінің кінәсін толғымен мойындап, қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

Новости партнеров