Полиция қызметкері афроамерикалық қызды атып өлтірді

21.04.2021 20:50

Қайғылы жағдай 20 сәуір күні Огайо штатындағы Колумбус қаласында болған

iz.ru

АҚШ-та полиция қызметкері афроамерикалық қызды атып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы жағдай 20 сәуір күні Огайо штатындағы Колумбус қаласында болған. Әуелі қаза болған Макайя Брайанттың отбасы үй алдында қыздар жанжал шығарып жатқан соң, полиция шақырғанын айтады. Оқиға орнына келген тәртіп сақшысы қаранәсілді бойжеткенге оқ жаудырған. Кейін 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізіліп, ауыр халде көз жұмды. Ал полицейдің не үшін оқ атқаны әлі белгісіз. Қазіргі таңда наразылық білдірушілер полиция ғимаратының алдына жиналып жатыр. 

Естеріңізге салайық, өткен жылы да қаранәсілді Джордж Флойдты ұстау кезінде өлтіріп алған экс тәртіп сақшысы кінәсін мойындап, 40 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Теги: Қызметкер