Шымкентте ұялы телефон ұрлағандар санаулы минутта ұсталды

03.01.2024 20:51

Қылмыстық кодекстің 188-бабымен тергеу жүргізіп жатыр

Оқиға кешкі уақытта қаладағы электроника дүкендерінің бірінде болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жалған сатып алушылар айналасында адам болмаған сәтті пайдаланып, сатушының тауар сөресінде қалған телефонын ұрлап кеткен.

Смартфонын жоғалтқан дүкен қызметкері оқиға туралы дереу Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына хабарлаған.

Келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктілерді санаулы минуттарда анықтап, ұстады.

Қазіргі таңда полицейлер бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен тергеу жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелестен екі адам қаза тапты