Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді
Алматыда есірткі сатумен айналысқан азамат ұсталды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, Алатау ауданында қолға түскен күдікті гашишті үйінде сатып отырған. Полиция қызметкерлері оның тұрып жатқан жерін тінту барысында 190 грамм есірткі тәркілеген.
«Күдікті кезекті рет есірткі сатып жатқан кезде ұсталды. Ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді затты ол қағаз түбіртекке орап сатпақ болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің есірткіні қайдан алғанын анықтап жатыр. 43 жастағы күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.