Жәбірленуші қыз – қаладағы №7 мектеп-лицейдің оқушысы
Қызылорда облысында сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген 16 жастағы қыздың қылмыстық ісі бойынша күдіктілер саны 9-ға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сегіз күдікті сот шешімімен уақытша абақтыға, ал біреуі үй қамаққа алынды. Құқық қорғау органдары қоғамда дау туғызған іс әлі тергеліп жатқандықтан, толық ақпарат беруден бас тартып отыр.
Ал белгілісі, жәбірленуші қыз – қаладағы №7 мектеп-лицейдің оқушысы. Жасөспірімді алғашында сыныптастары, одан кейін өзгелер қосылып, 6 ай бойы жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүрлеген.
Айта кетейік, мектептегі жағдайды дер кезінде анықтап, оқушымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істемеген сынып жетекшісі мен директор қызметінен босатылды. Ал қалалық білім бөлімінің басшысына «қатаң сөгіс» жарияланса, облыстық білім басқармасының басшысына «қызметіне сәйкес емес» деген шара қабылданды. Қылмыстық іс бойынша 9 адам күдікті ретінде тергеліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалды