Айғақ зат ретінде 32 миллион теңге тәркіленді
Түркістан облысында дәрігерлерді бопсалаған күдіктілер ұсталды. Олар медициналық мекеменің қаржылық қызметіне қатысты беделін түсіретін ақпарат жариялаймыз деп қорқытқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кейін іске полиция араласып, дәмханалардың бірінде ірі көлемде ақша алып тұрған Жетісай қаласының тұрғынын қолға түсірген. Одан айғақ зат ретінде 32 миллион теңге тәркіленді. Күдіктінің тағы бір сыбайласы Шымкентте ұсталды.
«Қазір аталған тұлғаларға ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы, 4-тармағы бойынша, яғни, аса ірі мөлшерде бопсалау дерегімен іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтанбек Үсіпбеков.