Ақмола облысында жастарды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

14.06.2023 20:55

Олар Бурабайда қолға түсті

Almaty.tv

Ақмола облысында жастарды бопсалап, несие алуға мәжбүрлеген қылмыстық топ Бурабайда ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі болғандай, бір топ жігіт тұрғындарға мобильді банкинг арқылы қолма-қол ақша ал немесе тауарды несиеге рәсімде деп қинаған. Кейін алынған қаражатты қалтаға басып отырған. Ал бас тартқандарды оңдырмай соққыға жығамын деп қорқытыпты. 

Сондай-ақ қылмыстық топтың тонау, алаяқтық және бұзақылық деректерге қатысы бары анықталды. 

Арнайы операция кезінде 8 күдікті ұсталды. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Курьерден ұрланған тапанша мен оқтар тәркіленді