Жалдамалы пәтерде тағы да жантүршігерлік оқиға болды

11.11.2021 22:38

Оралда бірнеше жерінен пышақталған 40 жастағы әйелдің денесі табылды

Фото: fishki.net

Батыс Қазақстан облысында ер адам өз ғашығын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.       

Қайғылы оқиға Орал қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Анықталғандай, 42 жастағы азамат 40 жастағы әйелмен бірге пәтер жалдап ішімдік ішкен.

Соның нәтижесінде ер адам қызғаныштан әйелдің бірнеше жеріне пышақ сұққан. Жедел іздестіру шаралары барысында оқиға орнынан қашып кеткен күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

«Ол басынан, белінен көптеген пышақ жарақатын алған. Марқұмның мәйіті медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі адам өлтіру фактісіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.