Журналист Михаил Козачков ұсталды

19.12.2022 20:56

Тергеу нәтижесінде олардың қылмыстық топтың белсенді мүшелерінен 52 млн теңге ақша алғаны дәлелденіпті

Из открытых источников

Қазақстандық журналист Михаил Козачков ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәлімдеуінше, Козачков қылмыстық топ құрған Елдос Қоспаевқа рейдерлік әрекет ету үшін астыртын көмектескен деген күдікке ілінген. Сондай-ақ ол керекті ақпаратқа қол жеткізіп отыру үшін бұл іске құқық қорғау органында көп жылдық тәжірибесі бар жолдасы Бұрхан Жансейітовті тартқан. Тергеу нәтижесінде олардың қылмыстық топтың белсенді мүшелерінен 52 млн теңге ақша алғаны дәлелденіпті. Агенттік журналистің заңға қайшы бірқатар әрекетін әшкерелей келе, оның және досы Жансейітовтің құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргенін де мәлімдеген.

 «Есентай сити» жобасындағы үлесті рейдерлік басып алу пиғылын іске асыру үшін Козачков Әбдіғаппаровтың беделін түсіретін бірқатар мақала жариялады. Бұл ретте журналист БАҚ туралы заң талаптарын өрескел бұзды. Өйткені кейбір жағдайларда ол көрінеу жалған мәліметтерді, банк, отбасылық және басқа да заңмен қорғалатын құпия деректерді таратты», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.