Екі қазақстандық шекарадан сегіз сөмке зергерлік бұйым өткізбек болған

21.01.2023 20:57

Оқиға 19 қаңтарда Жамбыл облысы "Қордай" көлік өткізу пунктінде болған

Пресс-служба КНБ РК

Екі қазақстандық шекарадан 275 келі зергерлік бұйымдар өткізбек болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы "Қордай" көлік өткізу пунктінде екі қазақстандықты зергерлік бұйымдардың ірі партиясын әкеле жатқан кезінде жолда тоқтатқан.

Шекара бақылауы кезінде көлік салонынан салмағы 275 келі зергерлік бұйымдары бар 8 жол сөмке анықталған.