ШҚО-да қаржы пирамидасы анықталды

09.10.2023 20:58

Олар жалған фармацевтикалық компания ретінде тіркелген

Фото: Владимир Третьяков

ШҚО-да 230-дан астам адам қаржы пирамидасына алданған. Олар 350 млн теңгеден астам қаржысын ойланбастан құйып жіберіпті. Алаяқ фирманың әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті әшкереледі, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Қазір құрылымдық бөлімшенің басшысы қамауға алынған. Тергеу барысында олардың соңғы 1 жыл ішінде жалған фармацевтикалық компания ретінде тіркеліп, қызметін әлеуметтік желі арқылы іске асырып отырғаны белгілі болды. Нәтижесінде салымшылардан заңсыз ақша алып келген.

– Қаржы пирамидасына ШҚО облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған. Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен «Қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет тергеу мүддесі аясында жария етілмейді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Семейде құрдасын өлтірген жасөспірім 7,5 жылға сотталды