Тексеру жүргізіліп жатыр
Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
- 11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға "Адам өлімі" бабы бойынша ЕҚДБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, - деп таратты Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Атыраулық полицейлер бекірені заңсыз саудаламақ болған күдіктіні ұстады