Алматыда World Business Consulting қаржылық пирамидасын қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

28.06.2022 00:39

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 5 жылдан 7 жылға дейін сотталды

Almaty.tv

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 5 жылдан 7 жылға дейін сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Пирамидалық схемаға қатысы бар тағы 5 ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, World Business Consulting қаржылық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Ұйымдастырушылар елге еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Ал олар сыйақыны заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардан тартқан қаражаттан алуға кепілдік берген. Осылайша 3 жыл ішінде халықтан жалпы сомасы 5,8 млрд теңге жиналған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері Марамов, Кемелбаев, Гаитова, Кравченко және Әлімжанова кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге қаржы ұйымдарындағы лауазымдарға ие болу және қаржы институтының мүшесі болу құқығынан және 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.