Жамбыл облысында 16 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды

01.02.2022 21:33

29 жастағы азамат үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Almaty.tv

Жамбыл облысының полицейлері 16 жылқы ұрлаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шу аудандық полиция бөліміне 41 жастағы тұрғын жылқыларының жоғалғаны туралы арыз берген. Жедел-іздестіру шаралары кезінде Тұрар Рысқұлов ауданының 29 жастағы тұрғыны тұтқындалды. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің «ірі көлемде жасалған мал ұрлығы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

«Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысты бар-жоғын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жұмыстары басталды. Бұл іске өзге де қатысушыларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.