Теміртауда есірткімен 2 әйел ұсталды

10.06.2022 21:16

Қылмыстық іс қозғалды

Теміртауда есірткінің ірі партиясын Қарағандыға тасымалдамақ болған екі әйел  ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәртіп сақшылары республикалық маңызы бар тас жол бойынан көлікті тоқтатып тексерген. Алайда автомобиль артындағы 2 жолаушы күдік тудырған. 32 және 36 жастағы әйелдің жүк сөмекесінен 98 бөтелке мен 12 пакет есірткі табылған. Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, есірткі заттарымен заңсыз айналысу бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Толық көрсету