Жамбыл облысында алаяқтар субсидияға бөлінген қаржыны жымқырған

03.05.2024 21:19

Облыстың екі тұрғыны 105 миллион теңгені қалтаға басқан

Almaty.tv

Жамбыл облысында алаяқтар субсидияға бөлінген қаржыны жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы облыстың екі тұрғыны 105 миллион теңгені қалтаға басқан. Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырған. Сол аудандағы 100-ден аса шаруа қожалығына сапалы техника алып береміз деп сан соқтырғандар құрылғылардың бағасын бірнеше есе қымбат көрсетіп, мемлекеттік порталға 604 миллион теңгеге өтінім берген. Ал мемлекеттік бағдарлама бойынша сұратылған қаржының 25 пайызын министрлік төлеп береді. Сөйтіп қылмыскерлер қолға түскен 151 миллион теңгенің тек 45 миллионына құрал алып, қалғанын қолды қылған.

– Мемлекетке 105 млн теңге шығын келтіріп отыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2- тармағына сәйкес екі тұлғаға қатысты 10 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Нариман Торабеков.

Оқи отырыңыз: Шетелден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ сотталды