Ол "Іздестіру" операциясы барысында қолға түскен
Нұр-Сұлтанда 25 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Елорданың полиция департаментінің хабарлауынша, ол "Іздестіру" операциясы барысында қолға түскен. Ер адам аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.
51 жастағы азамат 1997 жылы тамызда Ресей Федерациясының Ростов облысында серіктесімен бірге екі адамды өлтірген. Қылмыс автокөлікті иемдену мақсатында пайдакүнемдік ниетпен жасалған.
Ер адам содан бері қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген. Ұсталған адамға Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігі бойынша екі адамды өлтірді деген айып тағылған. Қазір айыпталушы тергеу изоляторына қамалды, экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Айта кетері, 2022 жылдың 9-18 наурызында елордада "іздестіру" операциясы жүргізіліп жатыр. Операция басталғаннан бері Нұр-Сұлтан аумағында 20 қылмыскер анықталып, ұсталды, хабар-ошарсыз кеткен алты азамат табылды.