Нұр-Сұлтанда журналист Махамбет Абжан ұсталды

03.07.2022 21:31

Ол кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінді

ашық дереккөз

Елордада журналист және блогер Махамбет Абжан 50 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Антикор хабарлағандай, ол кәсіпкерлерді абырой-беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді БАҚ-қа жариялап жіберемін деп қорқытқан. Сөйтіп олардан ақша бопсалаған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қоқан-лоқысымен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Осы жылдың 3 шілдесінде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Дереккөз: Sputnik