Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындады
Тараз қаласының тұрғыны белгісіз ер адамның үйіне баса көктеп кіріп, күш қолдану арқылы 900 мың теңгесін және 140 мың долларын ұрлап кеткенін айтып шағымданды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қалалық Полиция басқармасының мамандары Тұрар Рысқұлов ауданының 39 жастағы тұрғынын анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – деді Полиция басқармасының бастығы Асылхан Зауырбеков.