Нұр-Сұлтанда жалғат құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топ анықталды

13.06.2022 23:05

Олар мемлекетке 500 миллион теңгеге жуық залал келтірген

стоп-кадр из видео

Нұр-Сұлтанда жалғат құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар бюджетке салық төлеуден жалтарған 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Нәтижесінде мемлекетке 500 миллион теңгеге жуық залал келтіріпті.

«Олар өз әрекетімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген. Сот басты айыпталушы Хан Виталийге қатысты 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан 2 адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.