Оған қазір қылмыстық іс қозғалды
Астанада 21 жастағы жігіт грантқа түсіремін деген уәдемен ірі көлемде ақша алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қаскүнем грантқа аударуға көмектесемін деген желеумен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында қылмыстық ниетпен ақша талап етіп, алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құрайды», - деп хабарлады Полиция департаменті.
Жас жігіт жасаған қылмысын мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан диқандары 6,4 млн тонна астық бастырды