Әскери шенділер 150 мың теңге пара алды деп күдіктелуде
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыда әскери шенеуніктердің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің Алматы филиалы директорының орынбасары мен Алматы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген агенттіктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.
Әскери шенділер аталмыш мектепте әскери қызметтен өтпеуге қатысты мәселені шешіп береміз деген сылтаумен 150 мың теңге алды деп күдіктелуде.