Астана тыныштығы қырағы полицияның бақылауында
Еліміздің бас қаласы Астананың тыныштығын күнделікті мыңдаған тәртіп сақшысы қырағы күзетеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қоғамдық тәртіпті бұзып, мемлекеттік және жекеменшік мүлікке зиян келтірген азаматтарды 15 тәулік абақты күтеді. Осы бағытта полицейлер талап пен тәртіптің күшейтілгенін еске салды.
Күн сайын Астана көшелеріне 2,5 мыңнан аса полицей мен Ұлттық гвардияның сарбазы шығады. Олар «Stop-vandal» акциясы аясында мемлекеттік мүлікті күзетеді.
Полиция қызметкерлері осындай сипаттағы заңбұзушылықтарды жинастырып ерекше бейнежазбаларды жария еткен. Кадрлар көшедегі бақылау камераларына түсіп қалған.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар арасында генетикалық зерттеулердің қай түрі сұранысқа ие