Астанада такси жүргізушісі кәсіпкерді алдап кеткен

04.09.2024 21:30

Жәбірленуші оны курьер ретінде жалдап, бірнеше кілемді клиенттердің үйіне жеткізіп беруді тапсырған

elements.envato.com

Астанада жеке кәсіп иесін алдап кеткен такси жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға жеке кәсіп иесі алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен елорданың 29 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам такси жүргізуші болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Жәбірленуші оны курьер ретінде жалдап, бірнеше кілемдерді клиенттердің үйлеріне жеткізіп беруді тапсырған. Жуылған кілемдердің ақшасын курьер жинап, соңында жеке кәсіп иесіне әкеліп берген.

Осылайша, жәбірленушінің сеніміне кірген ер адам ертеңгі күні тағы да осындай тапсырыс алған, алайда клиенттердің ақшасын өз қалтасына салып, байланысқа шықпаған. Келтірілген материалдық шығын - 232 мың теңге. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адамның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуды. Астана қаласы полиция департаменті сақ болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Оқи отырыңыз: Азаматтық некедегі әйеліне пышақпен шабуыл жасаған зейнеткер сотталды