Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында құпия жерасты жолы табылды

03.07.2024 21:31

Қылмыстық іс қозғалып, бірнеше адам ұсталды

qaz.ulysmedia.kz

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында құпия жерасты жолы табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, Үндістаннан Өзбекстанға Қазақстан арқылы кепілдендірілмеген сапалы дәрілік заттардың ірі партияларын жеткізумен айналысатын трансшекаралық қылмыстық топтың қылмысы ашылған.

ӨР МБҚ мәліметтері бойынша, дәрі-дәрмектің кезекті партиясы Делиден Алматыға Ташкент арқылы транзитпен жеткізілген. Содан кейін Қазақстанның Түркістан облысы Сарыағаш ауданының шекара маңындағы Достық ауылына әкелініп, құпия туннель арқылы Ташкент облысындағы махаллаға жеткізілген.

Ұзындығы 310 метрлік туннель 1975 жылы туған махалли тұрғынының үйінде. Ол желдету және жарықтандырумен жабдықталған, сонымен қатар жүктерді тасымалдауға арналған арбалар мен арқандар бар.

Қылмыстық топтың болжамды мүшелерінен Үндістанда жасалған 107 дәрі-дәрмектің 17 048 пакеті тәркіленді, оның ішінде Альбумин, Ремдесивир, Меропенем және басқалары бар. Олардың жалпы құны 1 млрд сомнан астам сомаға (37,5 млн теңге) бағаланды.

Қылмыстық іс қозғалып, бірнеше адам ұсталды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы героиннің аса ірі партиясын тәркіледі