Оқиға бейнекамераға түсіп қалған
Желіде белгісіз біреу орындықта отырған әйелге жақындап, оны күшпен ұстап алуға тырысқаны көрсетілген видео тарады. Алматы полиция департаментінің өкілдері осы жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Тelegram-ға сілтеме жасап.
Видеода ер адам орындықта отырған әйелге жақындап келеді. Дәл осы сәтте әйел қашуға тырысады, бірақ онысынан ештеңе шықпайды. Ер адам әйелді шашынан, қолынан тартып, күш күрсетеді. Пост авторының мәліметінше, бұл оқиға Алматыда 10 сәуірде болған. Қалалық полиция департаменті тергеу басталғанын мәлім етті.
- Әйелге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тергеу басталды, ер адам ұсталып, жауапкершілікке тартылуда, - деп хабарлады ведомстводағылар.
Оқи отырыңыз: өкілі осы жайтқа қатысты NUR.KZ тілшісіне түсініктеме берді.