Түрксіб ауданында полиция қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізді
Алматыда бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған тұрған заңсыз әрекетін қайталап, полицияға ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Щ. есімді азамат бұған дейін, дәлірек айтсақ 2008 жылы есірткі қылмысы үшін сотты болды және жазасын өтеді. Қаскөй қайтадан ескі ісін қолға алып, қылмыстық заңнаманы бұзды. Қазір ол есірткіні онлайн сатып алуға болатын ресурстарға трафареттік жарнамаларды салатын “суретші”. Күдікті бір аптадан астам уақыт бойы тыйым салынған “шығармашылықпен” жұмыс істегенін мойындады. Ұсталған адамның айтуынша, ол бұған дейін Әуезов, Алатау және Жетісу ауданында орналасқан ғимараттарға жазу жазған. Оған жұмыс істегені үшін электронды әмиян арқылы ақша төлеген», – дейді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.
Щ. есімді азаматты тексеру барысында бірнеше сайттың мекенжайлары жазылған трафарет мен бояу табылды және тәркіленді. Оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 299-1 бабымен сараланды. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау – 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.