Ақтөбеде бір дүкенді екі рет тонаған қаскүнем қолға түсті

06.06.2020 21:47

Екі жағдайда да күдікті дүкенге ашық терезе арқылы кіріп, есіктен емін-еркін шығып кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде 7 мамыр түнде наубайханадан ұрлық жасалды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгісіз біреу терезеден кіру арқылы Иманов көшесіндегі «Шабаново» дүкенінің артында орналасқан наубайханаға кіріп, 5000 теңгеге азық-түлік ұрлаған.

Бұл қылмыс ашылмай қалған. Қаскүнем жазасыз қалғанын көріп, қылмысын екінші рет қайталаған.

Кезекті ұрлық 23 мамыр күні түнгі уақытта жасалған. Күдікті «Шабаново» дүкенінің наубайханасының терезесінен секіріп кіріп, жасырын тағамдарды ұрлап кеткен. Шығын 110 000 теңгені құраған.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізу барысында 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Екі жағдайда да күдікті дүкенге ашық терезе арқылы кіріп, ұрлық жасап, есіктен емін-еркін шығып кеткен», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтөбе қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ұрлық фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.