Жамбыл облысында үйінде 60 кг есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

18.02.2022 в 21:52

Жергілікті тәртіп сақшыларының мәліметінше, ұсталған азамат – Шу өңірінің 48 жастағы тумасы

Жамбыл облысында үйінде 60 келі есірткі сақтап келген тұрғын қолға түсіп, білегіне кісен салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Жергілікті тәртіп сақшыларының мәліметінше, ұсталған азамат – Шу өңірінің 48 жастағы тумасы. Күдіктінің үйін тексеру барысында өзіне тән өткір иісті ұсақталған өсімдік тәріздес заты бар қап пен үш полиэтилен пакет табылды.  

«Сот-химиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген есірткі заттары – салмағы 16 келі 190 грамм “гашиш” және 39 келі 870 грамды құрайтын “марихуана” болды. Оған қатысты есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.