Астанада құрылысшының басына кірпіш түсіп қаза болды

25.07.2024 21:53

Қайғылы оқиға 19 шілдеде болған

стоп кадр

Әлеуметтік желіде құрылыс аумағында жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Видео сипаттамасында ер адам биіктен құлағаны айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елордалық Полиция департаменті биіктен құлау дерегін жоққа шығарды. Құрылыс алаңында жұмысшының басына кірпіш түсіп, өліміне себеп болғаны айтылған.

Қайғылы оқиға 19 шілдеде болған.

"Оқиға 19 шілдеде болған. Астанада полиция құрылыс нысанында жұмысшының қаза болу дерегі бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген елордалық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай министрлігінің қызметкері сотталды