Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақмола облысында «Eolus» компаниясының жұмысына тосқауыл қойылды. Аталған мекеме 3 ай бойы азаматтарды қаржы салуға көндіріп келген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өзін шетелдерде орналасқан жаңартылатын энергия көздерін, жел электр генераторларын енгізумен айналысатын компания ретінде таныстырған. Мұнымен қоса, салымшыларды салым сомасынан күнделікті табыс тауып отырасыз деп сендірген.
– Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда облыста құрылымдық бөлімше ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар анықталып тінту жұмысы жүргізіліп, оның барысында құжаттар мен басқа да айғақ алынды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Балама зорлық көрсеткен: ІІМ түсініктеме берді