Ақтауда кәріз құдығынан ай-күні жетпеген шақалақтың денесі табылды

10.06.2022 21:41

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде

ашық дереккөз

Ақтауда кәріз құдығынан ай-күні жетпеген шақалақтың шаранасы табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.


Шақалақтың мәйіті жатқанын көрген куәгерлер полицияға хабарласқан. Алдын ала мәлімет бойынша, нәресте шамамен 20 апталық. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, сот медициналық сараптама тағайындалды

«2022 жылғы 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне 32 шағынауданында кәрізден шақалақтың шаранасы табылғаны туралы шақыру түсті. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Аталған дерек ҚР ҚК 001-бабы яғни, адамның қайтыс болуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деді Маңғыстау облысы ПД бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әйгерім Ибадуллаева.