Өскемен әуежайынан күдікті зат табылып, адамдар эвакуацияланды

08.06.2022 21:56

«102» жедел арнасына әуежайда багажды сканерлеген кезде күдікті зат табылғаны туралы хабар түскен

Фото: aeroport.kz

Өскемен қаласында әуежайдан күдікті зат табылып, халық эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 маусым күні сағат 15.32-де «102» жедел арнасына әуежайда багажды сканерлеген кезде күдікті зат табылғаны туралы хабар түскен.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында шұғыл қызмет мамандары жұмылдырылды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әуежайға келушілер мен қызметкерлер түгел эвакуацияланды», - делінген хабарламада.

Әуежайдың жұмысы тиісті тексеруден кейін ешқандай қауіпті зат табылмаса қайта жалғасады.