Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды

26.09.2022 21:57

Іс Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралды

arasha.kz

Елордада Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралды.

«Күдікті Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар оның жеке мүлкі тәркіленеді», - деді судья Нұрлан Баяхметов сот отырысында.

Еске салсақ, биылғы 15 наурызда елорда соты Қайрат Сатыбалдыны қамауға алу туралы шешім шығарды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай сот кезінде прокурор күдікті Қ.Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.