Павлодарда қыз үшін төбелескен жігіттердің бірі жарақаттанды (видео)

15.02.2021 21:58

21 және 23 жастағы ер азаматтар

express-k.kz

Жігіттер арасындағы төбелес Қамзин көшесіндегі үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылы 14 ақпанда әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде tipavlo паблигінде Қамзин көшесіндегі 160-үйдің кіреберісінде төбелес фактісі бойынша бейнеролик жүктелгені анықталды.

«Төбелес туралы полицияға ешкім жүгінбеді, полицияны ешкім шақырған жоқ. Бірақ жарияланғаннан кейін бұл факт Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары аталған фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде барлық қатысушылар анықталды», – деді Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінің басшысы Жеңіс Жансеркенов.

21 және 23 жастағы ер азаматтар арасында бойжеткен үшін жанжалдасқаны белгілі болды.  23 жастағы жігіт жарақат алып, ауруханаға түсті.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруге қатысты 816 әкімшілік іс қозғалды.